АЛАШТЫҢ БЕС АРЫСЫ

«Алаш зиялыларының мұрасы және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары» тақырыбындағы мектепішілік апталық жоспарына орай мектеп Парламенті «АЛАШТЫҢ БЕС АРЫСЫ» тақырыбында "Алтын көмбе" ойыны 6 сыныптар арасында ұйымдастырылды.
Ойын барысында оқушылар сынып жетекшілерімен бірге әр түрлі Аралдардағы тапсырмаларды орындап, "Алаштың бес арысы" туралы мәлімет жинады.
Ойын нәтижесінде:
🏆І ОРЫН "ҚЫРАН" КОМАНДАСЫ (6 г сыныбы)
🏆ІІ ОРЫН "АЛАШ ЕЛІ" КОМАНДАСЫ (6 "А" сыныбы)
🏆ІІІ ОРЫН "БОЛАШАҚ" КОМАНДАСЫ (6 "Б" сыныбы) иеленді.