ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ-МӘНШҮК МӘМЕТОВА

Кеңес Одағының Батыры, біздің отандасымыз – Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай, оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу, Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет бере отырып, аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметова жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету, оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту. Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу мақсатында 7 "б" сынып жетекшісі М.Егізбаева "ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ-МӘНШҮК МӘМЕТОВА" атты тәрбие сағатын өткізді.